2020-03-30 Шоу-бизнес 105

Ринат Зайытов ресми инстаграм парақшасында Димаштың ән айтып тұрған видеоны көрсетті.

АҚШтың Нью-Йорк қаласының сахынасына, қазақтың киелі домбырасын алып шығып, барша халықты таң қалдырған жұлдызымызға жылы тілектерін айтып, Димаш Құдайбергенге өлең жолдарын арнады.

Осы жазбадан кейін мен жайлы әңгімелер қалай өрбитінін жақсы білемін! Бірақ, әрбір әрекет өзінің шынайы бағасын алу керек! Бұл менің ұстанымым. Ендеше Димаш қаптаған қара қытайға жем болады-ау деп айқайлаған ауызымыз, АҚШ тың төрінен домбыраны көргенде АЛАҚАЙ деп айта алмаса әдірәм қалсын. Димаш тарихи ерлік жасады. 
Бұл-Ақиқат. Жарайсың! Ұзағынан болғай! 
Даламның сыр шерткендей өткенінен 
Жеткізіп "шіркінайын" "әттеңімен"
Домбыраны биікке көтергендер
Тарихтың түспеу керек қақ төрінен!!!!

Димашқа арналған өлең жолдарын көрген ақынның инстаграм жазылушыларының пікірлері екіге бөлінді. Бірі жылы лебіздерін жазып жатса, енді бірі Димашымыз алғаш рет қазақ сахынасына шыққанда қатты сынап, нағыз талантты байқамағанын есіне түсірді.

“Ринат саган Оскар силыгын беру керек галивудка кетшиш”
“ Учись у Димаша,чем на словах строить партии”

“Енди озинизге келдиниз Раке”
“тамаша! тіл-көзден аман болсын! алтын бала ғой Димаш!”
“Мойындағанда ерлік”

Комментарии

Хиты за

МЕСЯЦ ГОД
Doramy.kz - Новинки дорамы
Достарыңмен бөліс
Наше мобильное приложение