17 Января 2020 Шоу-бизнес 70

Отандық әншілер жаңа жыл қарсаңында халықтың той-мерекелін жүргізіп жүрсе, Қазақстан шоу-бизнесінің алдыңғы қатарында тұрған Қайрат Нұртас өзінің отбасымен 2020 жаңа жылды қарсы алуды жөн көрген екен. Бірақ, Нұртас және Гүлзира Айбековалар, осындай жылда бір келетін мейрам қарсаңында, өз отбасыларының қасында болмаған деседі MUSICPRIME.KZ.



Жұлдызды отбасының жаңа жылды тойлаған кезінен фото және видеоларын Қайраттың Анасы Гүлзира Айдарбекова, өзінің жеке парақшасында бөлісіп отырған. Сондай-ақ, суреттерден басқа, не үшін 31 күні балаларының қасында болмағанын айтты.

Сонымен қатар, белгілі продюсер өз ұлдарының аталмыш жаңа жыл мейрамын қарсы алудағы сәтте, бір дастархан басында жиналғанына өз қуанышын білдірген.
 


"Баршамыздың отбасымызда амандық болсын! “Адамның дегені емес, Алланың дегені болады” деген. Биыл балаларымызбен бірге болу бұйырмай, жол жүріп кеттік, Нүрекең екеуіміз. Біз болмаған соң, әрқайсысы жан-жаққа бөлініп, достарымен кетер ме екен десек, жоқ қателесіппін. Туғаннан көрген тәрбиелері ғой, бауырларымен бәрі бірге осылай жаңа-жылды қарсы алыпты. Жандарым сол" , - деп жазды Айдарбекова.

Айта кетсек, жұлдызды жанұя арнайы жаңа жыл қарсаңына орай, қызыл қарсы алуды ұйғарған екен. Қызыл түстегі киім киген суреттерін, әншінің келіншегі Жұлдыз Әбдікәрімова жеке парақшасында халықпен бөліскен.

Комментарии

Тренды за месяц

Достарыңызбен бөлісіңіз
Жеке әндеріңізді осы жерден көргіңіз келсе, WhatsApp желісіне жазуыңызды сұраймыз
+7 775 560 91 99
Наше мобильное приложение